Халал шұжықтың ішінен қара шыбын шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халал шұжықтың  ішінен қара шыбын шықты

Халал шұжықтың ішінен қара шыбын шықты

Харам шыбынның адал ас деп сатылып жатқан халал шұжықтан шыққаны туралы әңгіме әлеуметтік желіге тарап кетті. Нұрбол Қайырбекұлы есімді ғаламтор қолданушысы осындай келеңсіз жағдайға тап болғаны жайында жазып, Халал тағамдарды сертификаттау агенттігіне сауал жолдаған.

  • 22 Қараша 2016
  • 731
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz хабарлады.

"Үйге үлкен қонақтар келіп, азық-түлік алғанбыз! Мынау халал сымақ колбасаның ішінен кесіп жатса харам шыбын шығып жатыр ғой! Және пышақта тап сол шыбынның белінен бөліп тастағанда жиіркенгеннің үстіне жиіркенгенім-ай! Негізі өзім шама келгенше фарш пен колбаса жемеуші едім! Азық-түлік алғанда әдейі колбасаны алмаған еді әйелім, анам байғұс қазы-қарта, тауық еті, балық салынған ыдысқа бірге колбасада қоймақшы боп дүкеннен алыпты ғой! Есесіне сауап болды, енді анам да колбаса жемейтін болды! Бірақ тақырып сізге, халал сертификат тағайындау агенттігінің басшысы деймізба, Марат Сәрсенбайұлы аға! Сырты емес, іші халал тамақ қашан жейміз? Әлде сырты бүтін, іші түтін бола ма қашанда?!" депті Н.Қайырбекұлы

Соңғы жаңалықтар