"Халық алдандық деп ойлауы мүмкін" - депутат зейнетақы ақшасына үй алу туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халық алдандық деп ойлауы мүмкін" - депутат зейнетақы ақшасына үй алу туралы

"Халық алдандық деп ойлауы мүмкін" - депутат зейнетақы ақшасына үй алу туралы

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, бұл шектен зейнетақы жинағы асқан 90 мың адам, яғни ​​БЖЗҚ салымшыларының 1% -ынан да аз көлем.

  • 9 Желтоқсан 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалануға мүмкіндік беру туралы бастаманың заң жүзінде шикі екенін әшкереледі, деп хабарлайдыzakon.kz.

— Әлі күнге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұған қатысты берген нақты түсінігі жоқ па? Азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай тұрғын үй мен білім алу үшін пайдаланады? Мысалы, қазіргі уақытта талқыланып жатқан заң жобасы нұсқасында ол жағдайы бар адамдар үшін ғана мүмкін, яғни ер адамдардың зейнет жинағы ол үшін 8,2 миллион, әйелдер үшін — 10,1 миллион теңге болуы керек. Яғни, жинақтаған зейнетақы қаражаты осы шектен асқанда ғана оның бір бөлігін өз қажеттілігіне пайдалануға болады, — дейді депутат.

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, бұл шектен зейнетақы жинағы асқан 90 мың адам, яғни ​​БЖЗҚ салымшыларының 1% -ынан да аз көлем.


— Айтылды, ел естіп, дәмеленіп отыр. Ал енді не болады, мұндай шешім халықтың көңілін су сепкендей басары сөзсіз. Оған сенімдімін. Көбісі өзін алдап кеткен секілді сезінуі мүмкін. Мұндай біржақты шешім болмауы керек деп санаймын. Сондықтан салымшының әр категориясына сәйкес шекті көлемді белгілеуді ұсынамын. Зейнетке шыққан жасына, табысына, зейнетақы алу құқығына, баспанасы бар-жоғына қарай икемдеп, бұл мөлшерді есептеудің бір жүйесін түзуді ұсынамын, — деді Аманжан Жамал

Соңғы жаңалықтар