Халық Алматының экологиялық ахуалын жақсартуға шұғыл шаралар қабылдауды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық Алматының экологиялық ахуалын жақсартуға шұғыл шаралар қабылдауды талап етуде

Халық Алматының экологиялық ахуалын жақсартуға шұғыл шаралар қабылдауды талап етуде

Түтіннен көрінбей қалатын Алматы. Осы аптада жұрт тағы көтерді. Дабыл қақты.

  • 10 Ақпан 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды qazaqstan.tv -ға сілтеме жасап.

Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп, бастамашыл топ онлайн петиция ұйымдастырды. Жылу электр станциясын газға ауыстыруды талап етеді. Әлеуметтік желіні жарып жіберердей болған жұрт наразылығынан кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев әлеуметтік желіде жауап жазды.

«2-ЖЭО -ын газға ауыстыру үшін немесе фильтр орнату үшін техника-экономикалық негіздеме жасалып жатқанына тоқталған. Сәуір айында аяқталатын көрінеді. Сол кезде жобаның құны, техникалық мінездемесі, түтіннің қаншалықты азаятыны бәрін айтамыз»,- деген министр Мырзағалиев Twitter парақшасында.


Жалпы, билік проблеманы бірінші кезекте автомобильдерден көрсе, жұрт бұрқыратып көмір жағатын ЖЭО-нан көреді.