"Халық банк" қытай тілінде қызмет көрсете бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халық банк" қытай тілінде қызмет көрсете бастады

"Халық банк" қытай тілінде қызмет көрсете бастады

"Халық банк" мемлекеттік тіл орнына қытайша қызмет көрсете бастады.

  • 22 Маусым 2018
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл туралыа Abai.kz Нұржан Сәдірбекұлы атты азаматтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Нұржан Сәдірбекұлы "Халық банктың" банкоматынан ақша алуға барып, қазақ тілін таңдаған. Ақшаның соммасын енгізгеннен кейін банкомат бірден қытай тіліне ауысып кеткен.

Банкомат пайдаланушының сұқ саусағының ұшына назар салыңыз:

"Халық банк банкоматынан ақша алайын деп Қазақ тілін таңдадым. Ақшаның суммасын таңдаған соң мынадай қытайша жазу шығып тұр! Не мынау? Қайсысын басамыз?" деп жазады ол парақшасында.

Біз Нұржан Сәдірбекұлымен хабарластық.

Нұрлан Сәдірбекұлы: 

— Менімен бірге ақша алуға үш орыс кемпірі бірге тұрды. Қазақ тілінде қызмет көрсете алмаған банкоматтың әлегін олар да көрді. Орыс кемпірлерінің алдында өз тілімде ақша шешіп ала алмай ұяттан жер болдым. Зейнетақысын ерте алуға келген қариялар болса керек, маған "орыс тілін таңдай салмайсың ба?" дейді. Намыстанып, ақшаны кассадан барып алдым. Асығып тұр едім, тіпті Балқашқа жүретін автобустан да қалып кете жаздадым. 

Қош! Білдей мемлекеттің банкі әзірден бастап қытай тіліне басымдық беретін болса, ертеңіміз не болмақ?

Банк басшылығы қазақ тілін мазақтағысы келе ме?

Қытай тілін банкоматтарға енгізерліктей не басымызға күн туды?

Түйін

Бұл — біздің ойымызша саясат. Қазақ халқының жүйкесіне сынақ жүргізу басталды деген сөз. Сондықтан да, мемлекеттік тілді қорлап отырған банкке халық болып тойтарыс беру керек. Кінәлілер жауап берсін!