Халық банкі өзінің белгісін заңсыз пайдаланған компанияларды анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банкі өзінің белгісін заңсыз пайдаланған компанияларды анықтады

Халық банкі өзінің белгісін заңсыз пайдаланған компанияларды анықтады

Қазақстанның Халық банкі өзінің бренд-белгісін заңсыз пайдаланған компанияларды анықтады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

  • 5 Шiлде 2011
  • 806
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының аумағында «Halyk», «Халық» және «Народный» тауар белгілерін (банктің бренд-белгілері) заңсыз пайдаланатын компаниялар ( «Астана-Бизнес» ЖШС мен «Danone Berkut» ЖШС) анықталды, делінген сейсенбі күні Халық банкінің сайтындағы ақпаратта.

Оған сәйкес, «Астана-Бизнес» ЖШС өз қызметін «Halyk Food» бейнелі тауар белгісін пайдалану арқылы жүзеге асырса, «Danone Berkut» ЖШС өз өнімдерін (сүтті йогуртты десерт) қорабына банктің «Халық» және «Народный» белгілерін бейнелеу арқылы сатып жатыр.

Осыған байланысты банк «Халық» және «Народный» белгілерін банктің келісімінсіз пайдаланып жүрген «Астана-Бизнес» ЖШС мен «Danone Berkut» ЖШС-іне өзінің еш қатысы жоқ екенін хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, Халық банкінің «Halyk», «Халық» және «Народный» белгілеріне айрықша құқығы бар, ол бұл белгілерді өз қалауынша кез-келген әдіспен пайдалану құқығын береді.

«Басқа тұлғалардың айрықша құқық объектісін құқық иеленушінің келісімімен ғана пайдалана алады», — делінген ақпаратта.

Халық банкі активтерінің көлемі бойынша ҚР-дағы екінші банк болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың 1 маусымында банктің активтері Т2,1 трлн, жеке капиталы Т240,3 млрд, таратылмаған таза табысы Т13,9 млрд құраған.

Соңғы жаңалықтар