Халық банкі стратегиялық негізгі әріптесін наурыз айының аяғына дейін таңдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банкі стратегиялық негізгі әріптесін наурыз айының аяғына дейін таңдайды

Халық банкі стратегиялық негізгі әріптесін наурыз айының аяғына дейін таңдайды

Қазақстан Халық банкі негізгі стратегиялық әріптесін Еуропалық ірі төрт банктің арасынан наурыз айының аяғына дейін таңдайды. Бұл туралы бүгін, 1-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Халық банкі басқармаларының төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Наурыз 2005
  • 387
Фото - Caravan.kz

Г.Марченконың айтуынша, «негізгі үш стратегиялық инвестормен арадағы келіссөздер 10, 14 және 16-наурызда өтеді». «Олардың арасынан дәл кіммен эксклюзивті келісім-шартына қол қою туралы ақырғы шешім наурыз айының аяғында қабылданады»,- деді ол. «Біз барлық инвесторлармен бірнеше мәрте жүздестік. Бірақ бұл біршама ұзаққа созылатын процесс»,- деді банк төрағасы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропалық банктердің арасынан әріптес таңдау — Халық банкінің жаңа стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Стратегияның басты бағыттарының біріне сәйкес банк орта мерзімді перспективада еуропалық стандарттарға көшуді межелеген.
Бұған дейін Г.Марченко «стратегиялық әріптес таңдау жұмысын маусым айында аяқтауды жоспарладық»,- деп мәлімдеген еді. Бұл сауда-саттықтың бір шарты — таңдап алынған әріптеске Халық банкі акцияларының 25 процентін сатуға саяды.