Халық банкі «Телебанкинг» жүйесіндегі қызмет түрлерін одан әрі ұлғайтпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банкі «Телебанкинг» жүйесіндегі қызмет түрлерін одан әрі ұлғайтпақ

Халық банкі «Телебанкинг» жүйесіндегі қызмет түрлерін одан әрі ұлғайтпақ

1 шілдедегі дерек бойынша, Халық банкінің «Телебанкинг» жүйесінде тіркелген клиенттері 2300-ді құрады.

  • 13 Шiлде 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

Қашықтан қол жеткізу жүйесі онда 2010 жылдың қазан айында іске қосылған еді. Ол қызметтер мен клиенттердің банктік шоттары бойынша телефон арқылы ақпарат алуға клиенттерге тегін тәулік бойы әрекет етуші шоттардағы ақша қалдығы туралы ақпарат береді. Онда карточкалық, жинақтық, несиелік шоттардың кез-келгені бойынша ағымдағы айдағы, тоқсандағы және жарты жылдықтағы соңғы бес операция туралы электрондық поштаға (e-mail) көшірме мен валюта бағамдары туралы ақпарат алуға мүмкіндік беріледі.

«Телебанкинг» жүйесінің бұл мүмкіндіктерін пайдалана отырып, клиент өз қалауынша қызметті автоматты режимде қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде таңдай алады. Халық банкі таяу уақыттарда енді заңды тұлғаларға қызмет көрсету, ақша аудару, мобильдік телефон қызметінің ақысын төлеу секілді жаңа сервис түрлерін дамытуды жоспарлауда. Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, «Телебанкинг» жүйесінің ақпараттық-банктік қызметтерін пайдалану үшін онда әрекет етуші шот, тональдық режимде терілетін телефон, электронды пошта (e-mail) болуы шарт және тұтынушы банктің байланыс орталығында тіркелуі қажет.

Соңғы жаңалықтар