Халық банкінің есеп-кассалық бөлімшелерінде зейнеткерлерге қызмет көрсету сапасының күрт төмендеуіне байланысты ҚР үкімет басшысына депутаттық сауал жолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банкінің есеп-кассалық бөлімшелерінде зейнеткерлерге қызмет көрсету сапасының  күрт төмендеуіне байланысты ҚР үкімет басшысына депутаттық сауал жолданды

Халық банкінің есеп-кассалық бөлімшелерінде зейнеткерлерге қызмет көрсету сапасының күрт төмендеуіне байланысты ҚР үкімет басшысына депутаттық сауал жолданды

Халық банкінің есеп-кассалық бөлімшелерінде зейнеткерлерге қызмет көрсету сапасының күрт төмендеуіне байланысты ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың атына депутаттық сауал жолданды,- деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.

  • 20 Қараша 2003
  • 519
Фото - Caravan.kz

Бір топ депутаттың атынан жолданған осындай сауалды мәжіліс депутаты Михаил Трошихин оқып таныстырды. Құжат мәтінінде атап көрсетілгеніндей, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан халық банкі арасында қол қойылған агенттік келісімге сәйкес аталмыш банк еліміз аймақтарындағы зейнетақы төлемдерінің негізгі көлемін тарату жұмысын жүзеге асыруы тиіс.

«Алайда, банк басшылығы соңғы уақытта өз салалық бөлімдеріндегі есеп-кассалық бөлімшелер желісін қысқарту туралы шешім қабылдаған. Бір ғана Петропавл қаласында осындай төрт есеп-кассалық бөлімше жабылған. Осындай ахуал республика Елордасы мен басқа қалаларда да қалыптасып отыр»,- делінген мәтінде. Хатта атап көрсетілгеніндей, «соның салдарынан зейнеткерлерге қызмет көрсету сапасы күрт төмендеп, үлкен кезектер түзіліп, азаматтардың әділетті наразылығын туғызып отыр».
Осындай жағдайға байланысты үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған халық қалаулылары Халық банкінің есеп-кассалық бөлімшелері мен салалық бөлімдерін қайтадан ашуға немесе зейнеткерлерге қызмет көрсету құқығын басқа да екінші деңгейдегі банктерге беруге ықпал жасауды өтініпті.
Қыркүйек айындағы жағдаймен Қазақстандағы банк жүйесін қалыптастырушы жетекші үш банктің қатарындағы қаржылық институт — Халық банкінің филиалдық желісіне 573 құрылымдық бөлімше қамтылған, соның ішінде 20 облыстық және аймақтық, 135 аудандық, 418 есеп-кассалық бөлімшесі болды.

Соңғы жаңалықтар