Халық банкінің зейнетақы қоры өз салымшыларына зейнетақы аудару кезіндегі банктік комиссияны өзі төлейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банкінің зейнетақы қоры өз салымшыларына зейнетақы аудару кезіндегі банктік комиссияны өзі төлейтін болады

Халық банкінің зейнетақы қоры өз салымшыларына зейнетақы аудару кезіндегі банктік комиссияны өзі төлейтін болады

«Қазақстан Халық банкінің зейнетақы жинақтаушы қоры (ЗЖҚ)» АҚ Халық банктегі салымшылардың есепшоттарына зейнетақы төлемдерін аударғаны үшін банктік комиссияны төлеу міндетін өз мойнына алып отыр, деп мәлім етті ЗЖҚ басқарма төрағасының орынбасары Майра Кичигина.

  • 13 Шiлде 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

«Халықтың қорғалмаған топтарына (зейнеткерлерге — ҚазТАГ) әлеуметтік жүктемені азайту үшін … біздің қор алушылардың атаулы есепшоттарына зейнетақы жинақтауларын аудару кезінде алынатын соманы банкке өтеу жауапкершілігін өз мойнына алды», — дедіМ. Кичигина сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

М. Кичигинаның айтуынша, бір зейнеткерге орташа жыл сайынғы төлем Т481,6 мыңды құрайды. Комиссияны алып тастаудың нәтижесінде зейнеткер жылына Т4,5 мың өнемдейді.

Халық банкінің ЗЖҚ 1998 жылдың ақпан айында құрылды. 2011 жылдың 1 маусымында ЗЖҚ салымшыларының саны 2,136 млн адамнан асты, бұл Қазақстандағы салымшылардың жалпы санының 25%-дан астамы. «Қазақстан Халық банкінің ЗЖҚ» АҚ-ның зейнетақы төлемдерінің сомасы Т62,8 млрд немесе жалпы зейнетақы жүйесінің 28,9%-ын құрады. Аталған мерзімде қордың зейнетақы жинақтарының сомасы Т803,4 млрд болды. Жыл басынан бергі инвестициялық кіріс сомасы Т34,77 млрд, қызмет ете бастағалы бергі инвестициялық кірісі Т253,5 млрд құрады.

Қор акцияларының 95,6% Қазақстан Халық банкіне тиесілі; 0,9% «ҚазТрансОйл» АҚ-ға; 3,5% «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға тиесілі.

Соңғы жаңалықтар