Халық босағада тұрмауы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық босағада тұрмауы тиіс

Халық босағада тұрмауы тиіс

Егер біреулер, ең бірінші, өзіне кабинетті жабдықтаған артық деп санайтын болса, мен сол кибинеттерді босатып,

  • 8 Шiлде 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

ол жерде халықтың орналасуын талап ететін боламын. Бүгін 2011 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған судьялардың кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров осылай айтты.

«Халықтың бізге деген сенімі босағадан басталады. Азаматтар сотта оларды күтіп отырғандығын және бұл жерде қажетті көмекті ала алатындықтарын сезінулері тиіс. Ол үшін халыққа тиісті жағдайды жасап, күтушілер залын толыққанды жабдықтау қажет. Азаматтар есіктің алдында немесе баспалдақтың астында күтуге тиісті емес», — деді отырысқа қатысып жатқан облыстық сот төрағаларына Б.Бекназаров. «Бізге келген кісілер «мен әділет үйіне келдім, ол жерде мені күтеді, түсінеді, қабылдайды, мәселемді шешеді», — деген сеніммен сот босағасын аттап, тура осындай сеніммен ол босағадан қайта шығуы тиіс. Бізді, судьяларды төрге шығарып отырған халық, сондықтан біз осындай құрмет пен сенімді ақтап, өз қызметімізді тиісті дәрежеде атқаруымыз шарт. Алдағы уақытта мен іссапармен облыстық соттарды аралап, ол жерде халық үшін жасалған жағдайлармен танысып шығамын. Егер біреулер, ең бірінші, өзіне кабинетті жабдықтаған артық деп санайтын болса, мен сол кабинеттерді босатып, ол жерде халықтың орналасуын талап ететін боламын», — деп қадай айтты Жоғарғы сот төрағасы.