Халық ескі көліктерін қомақты қаржыға өткізіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық ескі көліктерін қомақты қаржыға өткізіп жатыр

Халық ескі көліктерін қомақты қаржыға өткізіп жатыр

Тіпті өңірлердегі бекеттер ескі машиналарды қабылдап үлгере алар емес. Сондықтан, маңайдағы аудандар тұрмақ, Жамбыл Оңтүстік Қазақстан облыстарының өзінен жұрт Алматыға ағылуда. Келушілер санының еселеп артуынан енді электрондық кезек қойылып, қабылдау тек сол бойынша іске асырылып жатыр.

Оталған көлікті айдап, жүрмегенін сүйреп әкеліп, аулада құр тұрғанша ақшаға ауырбастағысы келгендердің қарасы қалың. Кезегін күтуге шыдамағандары тіпті, өңірлерден Алматыға ағылып жатыр. Солардың ?

  • 17 Маусым 2017
  • 1720
Фото - Caravan.kz

Оталған көлікті айдап, жүрмегенін сүйреп әкеліп, аулада құр тұрғанша ақшаға ауырбастағысы келгендердің қарасы қалың. Кезегін күтуге шыдамағандары тіпті, өңірлерден Алматыға ағылып жатыр. Солардың бірі Жандәулет Ерниязов. Жамбыл облысының тұрғыны ескі Опелін сүйретіп әкелген.

«Машина  жарамсыз, оны жөндеуге бәрібір  ақша керек. Осында өткізсең үнемді болады, ақша шығады. Меркіде темір-терсекке өткізсең 30-40 мың шығады. Ал бұлар  150 мың теңге береді»,-дейді  Меркі ауылының тұрғыны Жандәулет Ерниязов.

Тозығы жеткен машиналардың ішінде жағдайы жақсылары да, эксклюзивті модельдері де кездесіп жатады. Мәселен, Талдықорған тұрғыны  1985 жылғы «Порше 924» көлігін өткізіпті. Бұл спорткардың қозғалтықышы істен шыққан. Ал мына «Москвичтің» дөңгелектері зауыттан шыққан күйінде тұр. 15601 шақырым ғана жүрген жап-жаңа көлікті иесі жасы келіп жүргізе алмайтын болғасын, тапсырып жатыр екен.

«Жигули», «Москвич» маркалары көп келіп жатыр, Запарожец та бар. Шетелдік көліктер де бар. Біз майын, бензинін, тосолды төгіп, преске дайындаймыз»,-дейді «ӨКМ Операторы» ЖШС менеджері Досболат Ізбасаров.

Мұндай көліктерді қабылдау екі санат бойынша жүзеге асырылуда. 150 мың теңге алу үшін көліктің қозғалтқышы, есіктері, шанақ, радиатор мен аккумулятор және 4 дөңгелегі түгел болса жеткілікті. Ал онысы жоқтары 48 мыңға ғана бағаланады.


Утилизациялау бағдарламасының басталғанына көп уақыт өткеніне қарамастан ескі-құсқы көлігін өткізіп, оның орнына ақша алғысы келетіндердің саны азаймаған. Алматыдағы мына бекетте күнделікті шамамен 20-ға жуық темір тұлпар қабылданады. Олар айына бір рет келетін арнайы құрылғыдан пресстен өтіп, кейін зауытқа мынандай шағын ғана қораптар жөнелтіледі.

Бүгінге дейін 23 мың көлік қабылданып, жүргізушілерге 3 млдр теңге төленген. Республиканың 17 қаласында жиналған машиналар енді Қарағандыдағы зауытта өңдеуден өтеді.

«Зауыттың өзі кешенді зауыт болмақ. Соның біріншісі осы айдың аяғында іске қосылады. Сол жерде барлық автокөліктер өңделеді, қайта өңдеуден өтеді. Олардың пластик, шиналары, темірі және басқа да металдарының барлығы сол жерде сұрыпталып, қайта өңдеуден өтетін болады»,-дейді «ӨКМ Операторы» ЖШС өкілі Жомарт Рахымжан

Энергетика министрлігі жақында утилизациялау бағдарламасына автобустар мен жүк көліктерін қабылдау мәселесін біржақты етпек. Оларға ақша немесе отандық автомобильді сатып алуға сертификат берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар