Халық генералы халық жадында - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық генералы халық жадында

Халық генералы халық жадында

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Рүстем Қайдаровтың құрметіне арналған әскери-тарихи конференция өтті. Жастарға рухани-патриоттық тәрбие беру аясында өткізілген іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Генералдар кеңесі» РҚБ ұйымдастырған.

  • 24 Маусым 2021
  • 2758
Фото - Caravan.kz

Қайдаров Рүстем Есімханұлы 2019 жылы 79 жасында ұшақ апатынан қаза тапты. Оның есімі біздің еліміздің тарихынан лайықты түрде орын алған. Ол жас мемлекеттің құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты, өз ісін жалғастыратын саңлақ генералдарды тәрбиеледі. 2001 жылы Рүстем Есімханұлының бастамасымен және тікелей басшылығымен «Генералдар кеңесі» РҚБ құрылды.

Конференцияны ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров Қор мен Генералдар кеңесі арасындағы жемісті және өзара тиімді серіктестіктің тарихы Рүстем Қайдаровтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

— Рүстем Есімханұлы Қорда үнемі қадірлі қонақ болатын және біз оған әрдайым өз жобаларымыздың нәтижелерін айтып отыратынбыз. Ол кісімен ақылдасып, мәселені талқылап, ұсыныстарын мұқият тыңдайтынбыз. Ол біздің барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысты. Рүстем Қайдаров бізді үнемі оптимизмге баулыды, шабыттандырды және жаңа идеялардың генераторы болды деп айта аламын. Оның Ұлы Отан соғысының қазақстандық қаһармандары мен қатысушыларының есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін атқарған жұмысына баға жетпейді, — деді Сергей Тельманұлы.


Оның отбасы мүшелері, әріптестері, шәкірттері, генералдар Генералдар Кеңесі Төралқасы Бірінші төрағасының өмір жолы, әлеуметтік және мемлекеттік жұмысы туралы айтып берді.

— Генерал-майор Қайдаров Рүстем Есімханұлы қазіргі Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам өкілдерінің қатарына жатады. Ол басқа мемлекет қайраткерлері сияқты Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең қиын кезеңінде бірқатар сынақтардан өтті. Еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары ретінде осы ведомствоның құрылу ісінің бастауында тұрды, — деді «Генералдар кеңесі» РҚБ Төралқасының төрағасы, генерал-майор Махмұт Телеғұсов.