«Халық коммунистері» Елбасының 2050-Стратегиясын ел арасында насихаттауда
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков |
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің 2050-шы жылға дейінгі Даму стратегиясының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында Маңғыстау облысына келді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.
Жамбыл Ахметбеков сапарын ҚХКП облыстық комитеті активімен кездесуден бастады. Ол «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жұмысы және өзінің ҚР Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени комитетінің құрамындағы заң жасау іс-әрекеті жөнінде айтып берді.
«Өткен жыл ішінде біздер 91 заң жобасын қарастырдық, олардың 76 Сенатқа жолданды. Партиямыздан сайланған депутаттар Мәжілістің барлық жеті комитетінде қызмет атқарады. Біздер, коммунист-мәжілісмендер, «Нұр Отан» және «Ак жол» партияларының мәжілісмендерімен келісе отырып жұмыс жасаймыз. Бір сөзбен айтқанда, жұмысымыз ауыр, қиын, бірақ жағымды. Себебі біздің еңбектеріміз еш болмай, Қазақстан халқына пайда тигізетіндігіне сеніміміз мол», - деп атап өтті Жамбыл Ахметбеков.
Кездесу маңғыстаулық халық коммунистерімен сұхбатқа ұласты. Қатысушылар «ҚР Президентінің соңғы екі жолдауы ҚХКП идеяларына сәйкес - оларда әлеуметтік мәселелерге, еңбек адамының тұрмыстық проблемаларына ерекше назар аударылған», деп іс-шараны қорытындылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін