«Халық маркасы» жалпыұлттық байқауына дауыс беру басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Халық маркасы» жалпыұлттық байқауына дауыс беру басталады

«Халық маркасы» жалпыұлттық байқауына дауыс беру басталады

Ертең Қазақстанда отандық тауарлар арасында «Халық маркасы» жалпыұлттық байқауына халықтық онлайн дауыс беру басталады.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 437
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған жобаның жетекшісі Римма Тәжібаева мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда жеңімпаздарды анықтау үшін тұтынушылар halykmarkasy.kz сайтына кіріп, өзінің сүйікті өніміне дауыс бере алады. Онлайн түрде дауыс беру 9 қыркүйектен 8 қазанға дейін жалғасады.

Жобаның мақсаты — отандық тауар өндірушілердің тауар маркаларының танымалдылығын арттыру, нақты тауарларға баға беру арқылы жалпы тауар маркаларының қаншалықты сұранысқа ие екенін анықтау.

Байқау жеңімпаздары «Халық маркасы» белгісін өз тауар орамасына жарнама ретінде екі жылға дейін қолдануға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылардың пайымынша, аталған белгі арқылы өнім шығарушылар тұтынушылар арасында танымалдылыққа ие болады.

Белгілі болғандай, қазіргі кезде 70-тен астам отандық өндіруші, 100-ден астам марка байқауға қатысуға өтініш берді. Жеңімпаздар бірқатар аталым бойынша анықталады. Олардың ішінде «Газдалған сусын», «Шәй», «Кондитерлік тағамдар», «Ұн», «Сүт өнімдері» сынды бөлімдер бар.


Жеңімпаздарды марапаттау шарасы Миландағы «ЭКСПО-2015» көрмесінің Қазақстан павильонында 19 қазанда — Дүниежүзілік азық-түлік апталығы аясында өтеді деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар