"Халық Мегада жүрген сияқты": Елордадағы мешіт музейге айналуы мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халық Мегада жүрген сияқты": Елордадағы мешіт музейге айналуы мүмкін бе?

"Халық Мегада жүрген сияқты": Елордадағы мешіт музейге айналуы мүмкін бе?

Елордада салынған Орта Азиядағы ең үлкен мешітте адам саны көп. Халық музейде жүрген дерсіз. Құлшылық орнының музейге айналуы мүмкін бе? 

  • 31 Тамыз 2022
  • 1071
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны психолог Ержан Мырзабаев жаңадан салынған мешіттің жағдайын айтты. 

— Халықтың мешітке бару мәдениеті төмен. Кейбіреулер Мегада, музейде жүрген сияқты жүреді. Балалардың аяқ киіммен жүруі, ересектердің киім үлгісі мешіт әдебіне сай болмауы, мусор тастау, тазалыққа мән бермеу секілді мәселелер… 

Ескертсең кейбіреулер тыңдайды, кейбіреулер мән бермейді…, деп мешіттегі бар шындықты жазды.