Жарияланды: 620

Халық қалаулылары «Луговой жылқы зауытында» болды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясымен айқындалған Жолдауды жұртшылыққа түсіндіру мақсатында Жамбыл облысында жүрген Мәжіліс депутаттары Ұласбек Сәдібеков, Оразкүл Асанғазы, Тұрарбек Асанов, Қожахмет Жабағиев және Омархан Өксікбаевтар

Т.Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан «Луговой жылқы зауыты» ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды. Кездесу барысында депутаттар Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді, оның ішінде халықты әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер туралы әңгімеледі. Бұдан бөлек, елдік даму тұрғысындағы алға қойылған міндеттер туралы хабардар етіп, 2050 жылға жоспарланып отырған стратегиямен таныстырды. Елбасы Жолдауының ел дамуындағы маңыздылығын баяндап жеткізді. Еске сала кетейік, қазіргі таңда «Луговой жылқы зауыты» тек жергілікті мыңнан аса тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған ұжым. Зауыт өзінің негізгі қызмет түрі асыл тұқымды жылқы өсіріп қана қоймай, егін және құрылыс шаруашылығымен қатар мал қиынан биогаз өндіру ісімен айналысуда. Бұдан бөлек, зауыт жаңа технологияны игеру арқасында Т.Рысқұлов ауданының құмды ауылдары аумағында 250 метр тереңдіктен шөлді жерге су шағарып, тамшылатып суару әдісімен егін егу және балық шаруашылығын дамытуды қолға алып, ауқымды жобаларды жүзеге асырып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін