Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың жүлдесі үшін бокстан XVIII халықаралық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың жүлдесі үшін бокстан XVIII халықаралық турнир өтеді

Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың жүлдесі үшін бокстан XVIII халықаралық турнир өтеді

Ертең елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың жүлдесі үшін бокстан XVIII халықаралық турнир басталады, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 8 Мамыр 2013
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бірнеше жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл турнир тек елімізде ғана емес, таяу және алыс шет елдерге де кеңінен танымал. Жыл сайын жарысқа 150-ге жуық боксшы қатысады. Биыл елордаға Қазақстанның барлық облыстық командаларымен қатар Бирма, Ирак, Моңғолия, Сирия, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ресей және Украина елдерінің күрзі жұдырық жігіттері келеді деп күтілуде. Бұдан бөлек шаршы алаңдағы шайқасқа еліміздің ұлттық құрамасының да мүшелері қатысады.

Турнирге армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың қатысуы күтілуде.

Айта кетейік, осы байрақты бәсекеге қатысқан еліміздің талай саңлақтары, атап айтқанда Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Мұхтар Ділдәбеков, Еркебұлан Шыналиевтер Олимпиада және әлем чемпионаттарында топ жарған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера