«Мемлекет қазір халық үшін мемлекеттік компанияларды жекешелендіруге дайын болмай шықты», — деді А. Арыстанов.
«»ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы «ҚМГ» Барлау.Өндіру» акцияларын сату тәжірибесі көрсеткендей, бір акцияның құны 50 мың АҚШ долларына бағаланды, тиісінше халықтың басым бөлігі санаттан шығып қалды. Бұл қоржынды сатуға шектеулі қатысушылар ғана жіберілді», — деді ол.
Ал «Қазақтелеком» акцияларн сату тәжірибесі халықтың мүдделі екенін көрсетті, тіпті өтініш беруге кезек түзілді», деді А. Арыстанов.
«Алайда, тәжірибенің жоқтығы мен PR-жұмыстардың жүргізілмеуінен қоржын екі аптада сатылды, ол да көбінесе халықтан гөрі корпоративтік инвесторлардың қолына түсті», — деді төраға.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті