Халық қызғыштай қорғаған «қаржы пирамидасы» ұйымы алаяқ болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық қызғыштай қорғаған «қаржы пирамидасы» ұйымы алаяқ болуы мүмкін

Халық қызғыштай қорғаған «қаржы пирамидасы» ұйымы алаяқ болуы мүмкін

Өздерін «шағын несиемен қамтамасыз етуші ұйым» деп атайтын Көкшетаудағы «КазРостИнвестпроект» фирмасы шын мәнінде қаржы пирамидасын ұйымдастырған алаяқ болып шығуы әбден мүмкін. Өйткені шағын несие беруші фирмалар заң талаптары бойынша салымшылардан пайыздық үстеме ақымен ақша алмайды, керісінше - береді. Сондықтан олардың бұл ісінде бір шикілік бары анық. Бүгін Ақмола облысында өрбіген қаржы дауына қатысты Қазақстандағы шағын несие беруші ұйымдар қауымдастығының өкілдері осындай мәлімдеме жасады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 565
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, өткен жұма күні «КазРостИнвестпроект» фирмасының  екі мыңға жуық салымшысы түнгі  сағат 2-ге дейін қаржы ұйымын тексеруге келген құзырлы орган қызметкерлеріне қарсы шығып, ақшаларының тәркіленуіне жол бермейтіндіктерін жеткізген еді. Қарсылықтың арты тіпті төбелеске ұласып, зардап шеккендер де болды. Алайда мамандар халық мұндай алаяқтардың арбауында кетпеуі керек деп ескертіп отыр. Олардың айтуынша, шағын несие беруші ұйымдар салымшылармен емес,  алушылармен жұмыс істейді. Ал салымшылармен тек банктердің жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Сондықтан аталмыш фирманың несие беру жүйесіне ешбір қатысы жоқ. Өйткені несие беруші мекеменің ешқайсысы жеке тұлғадан 100 мың теңге қарыз алып, оны бірнеше айдың ішінде 3-4 есеге өсіріп беруге қауқарсыз.


Анатолий Глухов, Қазақстандағы шағын несие беруші ұйымдар қауымдастығының директоры:

— Егер Қазақстан заңдарына сүйенер болсақ, бірдебір несие беруші ұйымның салымшылармен жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Яғни, қандай да бір кәсіпорын ісін жандандыру немесе көтеру үшін халықтан пайыздық үстеме ақымен ақша алынбайды. Оған заң жүзінде тыйым салынған. Сондықтан бұл жағынан алып қарағанда, аталмыш фирманың жұмысы күмән тудырады. Бұл біздің тәжірибемізде болып отырған бірінші жағдай емес.

Соңғы жаңалықтар