дейді ҚР халық артисі, Қазақтың мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры және көркемдік жетекшісі Есмұқан Обаев.
«Халық театрлары кезінде халық үшін керемет жұмыс істейтін. Қазір оның сегізі ғана қалды. Көрші қырғыз елінде әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға қарамастан әр айылында халық театры жұмыс істеп тұр», — режиисер Е. Обаев. Оның айтуынша, қазір еліміздегі 8 халық театрының төртеуі Алматы облысында. Олардың әрқайсысының штатында 12 адам бар. Қазақтың М., Әуезов атындағы академиялық драма театры соңғы жылдары Жамбыл облысының Мойынқұм халық театрымен тығыз қарым-қатынас жасауда. Оларға костюм, грим, декорация жағынан жәрдемдесіп жүр.
«Жалпы қазіргі таңда халықтың талғамы, таңдауы бөлек. Ауылға бұрынғыдай жеңіл-желпі комедиямен шауып баруға болмайды. Соңғы жылдары ондағы мәдениет ошақтары қайта жанданып, халыққа қайта қызмет көрсете бастады. Қазір ауылдарды аралауға мүмкіндік туып келе жатыр. Мен Әуезов театрынан кеткен соң туған жерімдегі Кеген халық театрына режиссер боламын», — дейді Есмұқан Несіпбайұлы.