Халық жалақысының жартысын тек азық-түлікке жұмсайды – депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық жалақысының жартысын тек азық-түлікке жұмсайды – депутат

Халық жалақысының жартысын тек азық-түлікке жұмсайды – депутат

Депутат Мәди Тәкиев қазақстандықтардың жалақысының күнделікті қажеттіліктерінен артылмайтынын айтты.

  • 2 Маусым 2023
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kzке сілтеме жасап хабарлайды . 

«Қазақстандықтардың табысы төмен болғандықтан және инфляцияның салдарынан шығыстарының 50 пайызын тек азық-түлікке жұмсайды. Бұл дегеніміз азаматтардың ақша жинауы былай тұрсын, басқа қажеттіліктеріне ақшасы жетпей жатыр деген сөз. Өңірлік теңсіздік әлі де байқалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 2022 жылы 94 мың отбасы кедейлік шегінен шығарылды», –  деді мәжілісмен.

Тәкиев бұл айда аталған көрсеткіш өзгеріссіз қалғанын атап өтті.


«Мәселен, табысы ең төменгі халықтың деңгейінде 5,2 пайыз тұр. Бұл 1 млн адам дегенді білдіреді», — деді депутат.