Жер орбитасынан Ресей азаматы Салижан Шәріпов, АҚШ азаматы Лерой Чиао мен Италия азаматы Роберт Витториді жерге жеткізген капсула Қостанай облысы Арқалық қаласынан 90 шақырымдай жерде сәуірдің 24-інен 29-іне қараған түні табылды. Ғарышкерлер аман-есен жерге оралды. Ғарышкерлерді іздеу шарасына Ресейдің Челябинск облысында орналасқан іздеу-құтқару отрядтарының екі бірдей экипажы қатысты.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Р.Виттори Халықаралоық ғарыш станциясында бір аптадай болса, С.Шәріпов пен Л.Чиао былтырғы жылдың қазан айынын бері орбитада болды.
Қазір Халықаралоық ғарыш станциясында 11-ші экспедицияның мүшелері — Ресейлік ғарышкер Сергей Крикалев пен АҚШ астронавты Джон Филипс жұмыс істеуде.