Жалпыға ортақ кепілдік туралы келісім мен оған қосымша хаттама ядролық материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, құжатта осындай материалдарды бейбіт мақсатта сақтау, құжатқа қол қойған елдерде жарияланбаған ядролық материалдардың болмауы, жалпы дүниежүзі елдерінде заңсыз ядролық іс-қызметпен айналысуға тыйым салу көрсетілген. Кепілдік жүйесі өзара сенімділікті нығайту шаралары мен қауіпті ерте болжау тетігі түрінде қызмет атқарады.
Қазақстанның осынау халықаралық құжатқа қол қоюы «мемлекет басшылығының ядролық қару таратпау және осындай қару соңынан түсудің алдын алу принциптерінен ауытқымайтындығын тағы бір айғақтап берді» ,- делінген ҚР СІМ-нің хабарламасында.