Халықаралық атом энергетикасы агенттігі мен Қазақстан өкілдері ядролық материалдардың қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы құжатқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық атом энергетикасы агенттігі мен Қазақстан өкілдері ядролық материалдардың қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы құжатқа қол қойды

Халықаралық атом энергетикасы агенттігі мен Қазақстан өкілдері ядролық материалдардың қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы құжатқа қол қойды

Венадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі әрі елші Рахат Әлиев пен Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры Мұхаммед Аль Барадей ядролық материалдардың қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы келісімнің қосымша хаттамасына қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 532
Фото - Caravan.kz

Жалпыға ортақ кепілдік туралы келісім мен оған қосымша хаттама ядролық материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, құжатта осындай материалдарды бейбіт мақсатта сақтау, құжатқа қол қойған елдерде жарияланбаған ядролық материалдардың болмауы, жалпы дүниежүзі елдерінде заңсыз ядролық іс-қызметпен айналысуға тыйым салу көрсетілген. Кепілдік жүйесі өзара сенімділікті нығайту шаралары мен қауіпті ерте болжау тетігі түрінде қызмет атқарады.

Қазақстанның осынау халықаралық құжатқа қол қоюы «мемлекет басшылығының ядролық қару таратпау және осындай қару соңынан түсудің алдын алу принциптерінен ауытқымайтындығын тағы бір айғақтап берді» ,- делінген ҚР СІМ-нің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар