Шара аясында ұйымдастырылып жатқан конгресс барысында Халықаралық біріккен күрес стилі федерациясы (FILA) атауын Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) деген атауға алмастыру жөнінде маңызды шешім қабылданды.
Ұйым атауын алмастырумен қатар, UWW басшылығы сайланды. Біріккен күрес әлемінің президенті болып бұрын Халықаралық біріккен күрес стилі федерациясын басқарған сербтік маман Милош Лаловский тағайындалды.
Сонымен қатар конгресс барысында Күрес достары клубы құрылды. Аталмыш клубтың алғашқы мүшелері күресті олимпиадалық жарыс түрлері қатарына қайтаруға белсене атсалысқан Мариин театрының көркемдік жетекшісі, Лондон симфониялық оркестрінің бас дирижері Валерий Сергиев, әйгілі неміс футболшысы, «Бавария» ФК-ның басқарма төрағасы Франц Беккенбауэр және американдық актер Уильям Болдуин болды.
Ташкенттегі спорттық күрестен әлем чемпонатына 90 мемлекеттен келген 800 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен.