Халықаралық "Болашақ" шәкіртақысына 356 қазақстандық ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық "Болашақ" шәкіртақысына 356 қазақстандық ие болды

Халықаралық "Болашақ" шәкіртақысына 356 қазақстандық ие болды

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президентінің халықаралық "Болашақ" шәкіртақысына 356 қазақстандық ие болды. Осындай шешім шетелдерде мамандар дайындау жөніндегі республикалық комиссияның мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен бүгін өткен отырысында қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Тамыз 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

Комиссия бүгін халықаралық «Болашақ» шәкіртақысынан үміткерлерден алдын-ала іріктеуден өткен барлығы 392 адамның жеке істерін қарады. Халықаралық «Болашақ» шәкіртақысын 356 қазақстандыққа тағайындау туралы шешім қабылданды.

Шәкіртақы алғандардың басым бөлігі Ұлыбритания, АҚШ, Чехия, Ресей, Украина мен Қытайда экономика, информатика және ақпараттық жүйелер, мемлекеттік саясат, қаржы, демография, бухгалтерлік есеп және аудит, мұнайгаз инжинирингі, халықаралық құқық және медициналық мамандықтар бойынша оқитын болады.

«Болашақ» шәкіртақысын тағайындау жөніндегі байқауға қатысу үшін құжат қабылдау 29 тамызға дейін созылады.

Жалпы алғанда, 1994 — 2007 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің 27 елінде 1036 адам оқып қайтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар