Халықаралық деңгейде қолға алынып жатқан халықаралық лаңкестікке қарсы күрес шаралары айтарлықтай тиімді бола алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық деңгейде қолға алынып жатқан халықаралық лаңкестікке қарсы күрес шаралары айтарлықтай тиімді бола алмай отыр

Халықаралық деңгейде қолға алынып жатқан халықаралық лаңкестікке қарсы күрес шаралары айтарлықтай тиімді бола алмай отыр

Халықаралық деңгейде қолға алынып жатқан халықаралық лаңкестікке қарсы күрес шараларын айтарлықтай тиімді дей алмаймыз,- деп мәлімдеді ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев 15-қыркүйекте БҰҰ саммитінде сөйлеген сөзінде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2005
  • 558
Фото - Caravan.kz



Министрдің пікірінше, БҰҰ мен басқа да тиісті аймақтық ұйымдардың лаңкестікке қарсы күрестегі потенциалын мейлінше толығырақ пайдалану керек. «Күш біріктіріп, тиімді тәжірибелік іс-шараларды қолға алмайынша, халықаралық лаңкестікті жеңе алмаймыз»,- деді Қ.Тоқаев.
Сонымен бірге министр Қазақстанның атынан ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің іс жүзінде жұмыс істемей отырғанына алаңдаушылық білдірді. Дипломаттың пікірінше, «ядролық қаруды тартпауға қатысты көзқараста екіұштылық пен екіжүзділікке жол беруге болмайды. Бұл істегі екіұдайылық қатерлі қарудың тарала түсуіне және жаппай қырып-жоятын қаруды пайдалану арқылы іске асыралатын жаңа шиеленістерге душар ететіні анық».
Өркениетті мемлекеттердің қоғамдастығы аш-жалаңаштық пен қайыршылық, халықты жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың таралуы, алалау мен лаңкестік тәрізді құбылыстарға бей-жай қарап отыра алмайды, деді министр. Өкінішке орай адамзат дүниесіне тән осынау келеңсіздіктердің бәрі күні бүгінге дейін жойылмай отыр, ал бейбітшілікке, адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлер барған сайын күшейе түсті, деді министр.
БҰҰ-ын реформалау мәселесіне тоқталған Қ.Тоқаев қоғамдастықтың бар күш-жігері ұйымның тиімділігін арттыруға бағышталуы тиіс деп атап өтті. Бұл ұйымды басқаруде жол берілген үлкен кемшіліктерді жюға мүмкіндік бермек. ҚР СІМ БҰҰ аясында қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруды, оларды жүзеге асыруға қойылатын бақылауды күшейтуді, мамандарды іріктеу саясатын жақсартуды ұсынды. «БҰҰ-ның негізгі директивалық, кеңес және өкілеттілік органы ретінде халықаралық қатынастарды демократияландыра түсу мұраты үшін Бас ассамблеяның рөлі мен мәртебесін көтерген жөн деп Қазақстан пайымдайды»,- деді ҚР СІМ.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің аясын кеңейту мәселесінің өзектілігін ескерген министр бұл мәселе халықаралық деңгейде келісілуі тиіс деді. Сонымен бірге ол Ұйымның бітімгершілік функциясын нығайта түсу жөнінде пікір білдірді. Қ.Тоқаевтың пікірінше, ауқымды табиғи және техногендік апаттардың құрбандарын құтқаруда БҰҰ-ның әлеуетін кеңінен пайдаланған жөн.
Қ.Тоқаев БҰҰ-ның тағдыры түрлі ұлттар қоғамдастығының қолында екенін, бұл қоғамдастық өзара түсіністік пен конструктивтілікке, жауапкершілік пен біліктілікке талпынуы тиіс, деді ол. Өзінің халықаралық саясатында Қазақстан әрдайым осындай принциптерді басшылыққа алады, деді министр.
Өзінің 60 жылдық тарихында БҰҰ халықаралық қоғамдастық шеңберінде әмбебап әрі баламасыз ұйым ретінде бекіді. Мейлі үлкен, мейлі кіші болсын, қандай да мемлекет БҰҰ-ның әлеуетін арттыруға өз үлесін қоса алады және оған құқылы да,- деп мәлімдеді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта