Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиада ойынарынына іріктеуді жаңа дейгейге көтеріп отыр - ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиада ойынарынына іріктеуді жаңа дейгейге көтеріп отыр - ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері

Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиада ойынарынына іріктеуді жаңа дейгейге көтеріп отыр - ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері

2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасы дзюдода әрбір салмақ дәрежесі бойынша әлемнің үздік 22 балуанының қатарына кірген спортшыларға ғана беріледі. Оны ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Ербол Қырғызбаев бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 24 Қыркүйек 2010
  • 690
Фото - Caravan.kz

«Қыркүйектің 25-26 күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін Әлем кубогы 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарының лицензиялық іріктеу жарыстарының бірі. Халықаралық дзюдо федерациясының тәртібі бойынша енді әр спортшы рейтингтік ұпай жинап, үздік 22 балуанның қатарына кіруі керек. Бұл үшін олар жылына кемінде 7-8 жарысқа қатысып, ондағы жақсы ұпай жинаған 5 турнирдің қорытындысы бойынша ұпай жинайды», дейді Ербол Қырғызбаев. Бас бапкердің айтуынша, дзюдо күресінде биыл Тунистен басталған Лондон Олимпиадасының лицензиялық турнирлері 2012 жылы мамыр айында тоқтатылады. Жалпы мұндай дүбірлі додалар әлемнің әр қиырында ай сайын 2-3 жерде өтуде. Сол себепті ҚР Дзюдо федерациясы да Қазақстанда өткелі отырған жалғыз лиценциялық турнир саналатын бұл Әлем кубогында жоғары нәтижеге қол жеткізуді алдына мақсат етіп қойып отыр.

«Құрама сапы қазіргі таңда жасарды. Онда сақа балуандардан Максим Раков, Ринат Ибрагимов, Дастан Ықыбаев, Болат Тимур сияқты санаулы спортшы бар. Біздің бұл жарыста ең алдымен соларға үміт артып отырмыз. Сондай-ақ болашағынан үлкен үміт күттірер жас дзюдошылар да бар», дейді бас бапкер Ербол Қырғызбаев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера