Халықаралық энергетикалық агенттік мұнай бағасының құлдырауына себеп болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық энергетикалық агенттік мұнай бағасының құлдырауына себеп болды

Халықаралық энергетикалық агенттік мұнай бағасының құлдырауына себеп болды

Халықаралық энергетикалық агенттіктің стратегиялық қор туралы мәліметі мұнай бағасының арзандауына әсер етті, деп хабарлады РБК агенттігі.

  • 24 Маусым 2011
  • 406
Фото - Caravan.kz

Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының бағасы 4,39 долларға арзандап, 91,02 доллар/баррельді құраса, Лондон биржасында Brent мұнайының бағасы 6,95 долларға төмендеп, 107,26 доллар/баррельге тұрақтады.

Халықаралық энергетикалық агенттік жақын күндері өз стратегиялық қорынан 60 миллион баррель мұнай бөлетінін хабарлады. Және бұл қордың 30 миллион баррелі АҚШ қорына тиесілі. Агенттік Ливиядан жетпей жатқан мұнайдың орнын толтыру үшін алдағы 30 күн бойы нарыққа күн сайын 2 миллион баррельден мұнай жөнелтуді жоспарлауда.

Агенттік бұл шешімді мұнай бағасының өсуін тоқтату үшін қабылдап отыр.

Соңғы жаңалықтар