Халықаралық эпизоотикалық бюро Қазақстан үкіметінің құс тұмауымен күреске бағытталған іс-әрекеттерін жоғары бағалайды және осы салада көмек көрсетуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық эпизоотикалық бюро Қазақстан үкіметінің құс тұмауымен күреске бағытталған іс-әрекеттерін жоғары бағалайды және осы салада көмек көрсетуге дайын

Халықаралық эпизоотикалық бюро Қазақстан үкіметінің құс тұмауымен күреске бағытталған іс-әрекеттерін жоғары бағалайды және осы салада көмек көрсетуге дайын

Қазақстан үкіметінің құс тұмауымен күреске бағытталған іс-әрекеттерін халықаралық сарапшылар жоғары бағалайды. Бүгін, 16-тамызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық эпизоотикалық бюроның әкімшілік комиссиясының мүшесі, бюроның Еуропа аймақтық комиссиясының президенті Николай Беляев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Тамыз 2005
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Үкімет тарапынан қолданылған бүкіл шешім орындалуда. Мұндай тәртіптілік пен реттілікті өз басым көптен бері көрмедім»,- деді ол.

Н.Беляев құс тұмауының пайда болуы мен таралуына жол бермеуге септігін тигізетін негізгі екі факторды атады. Ол — халықтың жағдайдан толыққанды хабардарлығы мен БАҚ-тардың жұмысы. Сонымен бірге «жергілікті тұрғындардың тәртіптілігі мен ахуалға түсіністікпен қарауын » да ерекше атауға болады деді ол.
«Біз құс тұмауына қарсы күресте Қазақстанға қажетті жағдайдың бәрін жасаймыз. Өйткені, Қазақстан мен Ресей — Еуропа үшін шешуші елдер»,- деп мәлімдеді бюро маманы.
«Індет вирусы шекара талғамайды. Оған төлқұжаттағы мөр-таңба қажет емес. Егер біз құсы мол Еуропаға құс тұмауын жіберіп алсақ, онда іс бітті дей беріңіз»,- дейді сарапшы.
Н.Беляев Халықаралық эпизоотикалық бюроның Қазақстанға мамандар тобын жіберетінен хабарлады. Бұл топ құс тұмауына қарсы күрестің алдағы саясатына қатысты мәселелерді шешетін болады.

Перейти к новостям спорта