Мемлекеттік Қазақстан даму банкінің ұзақ мерзімді рейтингі «ВВ+» деңгейінен «ВВВ-» деңгейіне, қысқа мерзімді рейтингі «В» деңгейінен «Ғ3» деңгейіне дейін көтерілді. Ал тағайындалған рейтингтер бойынша болжам позитивтіден тұрақтыға, қолдау рейтингі «3»-тен «2»-ге өзгертілді.
Ал Халық банкінің қысқа мерзімді, дербес және қолдау рейтингі бұрынғыдай тиісінше «В», «D» және «3» деңгейінде қалды.
Банктердің рейтингісін өзгертуге Қазақстанның шетел валютасындағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді рейтингісін «ВВВ-» инвестициялық деңгейге көтеру себеп болды.