«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, басты сыйлық «Алтын доп» биыл да аргентиналық Мессиге бұйырды. Месси осымен бұл жүлдені үшінші жыл қатарынан алып отыр. Осылайша, Лео француз Мишель Платинидің жетістігін қайталады. Ал нәзік жандылар арасында жылдың үздігі болып жапон Хомаре Сава танылды. Бұған қоса, жылдың ең тамаша голы мен үздік бапкері де анықталды. Әдемі голдың авторы — Неймар («Фламенго» қақпасына соққан голы). Ол дәстүрлі Пушкаш сыйлығын иеленді. Ал жылдың ең мықты бапкері болып «Барселона» жаттықтырушысы Пеп Гвардиола танылды. «Пейр плей» номинациясы Жапония әйелдер құрамасына бұйырды.