Халықаралық ғарыш станциясын пайдалана бастағаннан бері 10 жыл толды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғарыш станциясын пайдалана бастағаннан бері 10 жыл толды

Халықаралық ғарыш станциясын пайдалана бастағаннан бері 10 жыл толды

Байқоңыр. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық ғарыш станциясын (ХҒС) пайдалана бастағаннан бері 10 жыл толды, деп хабарлайды агенттік тілшісі М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының ХҒС бағдарламасының директоры Сергей Шаевичтің ақпаратына сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2008
  • 394
Фото - Caravan.kz

Халықаралық ғарыш станциясын пайдалана бастаған 10 жылдан бері АҚШ-тың 26 шаттлы, Ресейдің 31 «Прогресс» жүк кемесі, 16 пилотты «Союз» кораблі мен Еуропаның 1 ATV «Жюль Верн» кораблі ұшырылды. Осы жылдары станцияда 17 тұрақты экспедиция мен 15 барушы экспедиция жұмыс істеп, 36 мәрте ашық ғарышқа шықты. Қазір станция бортында 18-ші экспедиция жұмыс істеуде.

«1998 жылдың 20 қарашасында Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон» зымыран тасығышы өз бортында «Заря» функциялық жүк блогын алып ұшты. Осы он жыл бойы «Заря» орбитада табысты жұмыс істеп, ұшуды басқару мен станцияны пайдаланудың техникалық қамтамасыздығы мен ұйымдастырылуының тиімділігін дәлелдеп отыр», — деді С. Шаевич.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар