Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның экипажының мүшелері Байқоңырға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның экипажының мүшелері Байқоңырға келеді

Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның экипажының мүшелері Байқоңырға келеді

БАЙҚОҢЫР. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның экипажының мүшелері ертең, 2-қыркүйекте Байқоңырға келеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қыркүйек 2006
  • 396
Фото - Caravan.kz

Негізгі экипаж құрамына Ресей ғарышкері Михаил Тюрин, АҚШ астронавты Майкл Лопес-Алегриа, тұңғыш әйел-турист, Иран текті АҚШ азаматшасы Анюша Ансари енген. Қосалқы құрамда ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко мен АҚШ азаматшасы Пегги Уитсон бар. Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 14-ші экспедицияның экипажы Байқоңырға ұшу алдындағы дайындық шеңберіндегі екі күндік сапармен келеді.

Ғарышкерлер алғашқы күні «Космонавт» қонақ үйінде ғарыш кемесінің үлгісінде жаттығулар өткізіп, борт құжаттарымен танысады. Ал ертеңінде, яғни, 3-қыркүйекте экипаждар «Союз ТМА-9» ғарыш кемесінде жаттығулар жүргізу үшін 254-алаңның монтаж-сынақ корпусына барады. Жаттығулар мен әркімнің өзіне арналған анатомиялық ұшу-қону орындықтары — ложементтерді дайындау үшін ғарышкерлердің дене бітімінің үлгісін гипстен дайындау шарасы барысында экипаждар ложементтерді киіп тексеріп көріп, байланыс жүйелері мен жабдықтардың жұмысын тексереді.

«Союз ТМА-9» ғарыш кемесін ұшыру мерзімі қыркүйектің 14-інен 18-іне көшірілуге байланысты ғарышкерлер 3-қыркүйекте Жұлдызды қалашыққа оралады. Онда корабльді ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі жүзеге асырылады.

«Союз ТМА-9» ғарыш кемесін алып ұшатын «Союз ФГ» зымыран тасығышы 18-қыркүйекте ұшырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта