Халықаралық ғарыш станциясына барған 13-ші экспедициясының мүшелерін алған "Союздың" аппараты Қазақстан жеріне қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғарыш станциясына барған  13-ші экспедициясының  мүшелерін алған "Союздың"  аппараты Қазақстан жеріне қонды

Халықаралық ғарыш станциясына барған 13-ші экспедициясының мүшелерін алған "Союздың" аппараты Қазақстан жеріне қонды

МӘСКЕУ. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Союз ТМА-8" ғарыш кемесінің жерге түсірілетін аппараты Қазақстанның Арқалық қаласының маңында жерге қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ресейдің "Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2006
  • 426
Фото - Caravan.kz

Аппарат бортында құрамында ресей ғарышкері Павел Виноградов, АҚШ астронавты Джеффри Уильямс, сондай-ақ 2006 жылғы қыркүйектің 20-сында станцияға он төртінші экспедицияның экипажымен келген АҚШ-тың ғарыштық турисі Анюша Ансари жерге оралды.

Джеффри Уильямс пен Павел Виноградов Халықаралық ғарыш станциясына 2006 жылғы сәуірдің 1-інде «Союз ТМА-8» ғарыш кемесімен барған.

Жерге оралған ғарышкерлердің орнына американдық Майкл Лопес-Алегриа, ресейлік Михаил Тюрин мен неміс Томас Рейтер қалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта