Халықаралық ғарыш станциясынан 11-ші экспедиция мүшелерін алған бөлінгіш аппарат Арқалық маңына келіп табысты қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғарыш станциясынан 11-ші экспедиция мүшелерін алған бөлінгіш аппарат Арқалық маңына келіп табысты қонды

Халықаралық ғарыш станциясынан 11-ші экспедиция мүшелерін алған бөлінгіш аппарат Арқалық маңына келіп табысты қонды

Бүгін, 11-қазанда Халықаралық ғарыш станциясынан 11-ші экспедиция мүшелерін алған "Союз-ТМА-6" ғарыш кемесінің бөлінгіш аппараты Қостанай облысындағы Арқалық маңына келіп табысты қонды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 11 Қазан 2005
  • 749
Фото - Caravan.kz

Бортында ғарышкерлер бар капсула Астана уақыты бойынша 7 сағат 9 минутта Арқалықтан солтүстік-шығысқа қарай 57 шақырымға келіп қонды.
11-ші экспедицияның командирі — Ресейлік ғарышкер Сергей Крикалев пен АҚШ астронавты Джон Филлипс жерге оралды. Сонымен қатар үшінші ғарыштық турист Грегори Олсен де олармен бірге жерге оралды. Ғарыштық турист 12-ші экипаждың құрамында 2005-жылдың 1-қазанында Халықаралық ғарыш станциясына барған болатын.
Ал Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеген 11-ші экипаж мүшелері жер орбитасында жарты жылдай болып, 39 халықаралық ғылыми эксперимент жүргізді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта