Жарияланды: 370

Халықаралық ғарыш стансасына адам сүйектері жеткізілді

«Союз ТМА-02» ғарыш кемесі жұмаға қараған түні Халықаралық ғарыш стансасымен сәтті түйісті.

Кеме Халықаралық ғарыш стансасына жаңа экипаждың үш мүшесін жеткізді, олар станса бортында бірнеше ғылыми тәжірибе, оның ішінде адам сүйектерімен де тәжірибе жұмыстарын жүргізбек, деп хабарлады Utro.ru сайты. Сәрсенбі күні «Байқоңырдан ұшқан, ал бүгін түнде мәскеу уақыты бойынша 01.48-де автоматты режимде түйіскен ғарыш кемесі стансаға 29-шы экспедияның мүшелерін: кеме командирі Сергей Волковты (Ресей), бортинженерлер Майкл Фоссум (АҚШ) мен Сатоши Фурукаваны (Жапония) жеткізді. Стансада қазір 28-ші экспедиция мүшелері - ресейлік ғарышкерлер Александр Самокутяев пен Андрей Борисенко, американдық астронавт Рональд Гаран жұмыс істеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін