Сапар барысында өкілдер КПО компаниясының қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік бағдарламалар және қызметкерлер құрамын ұлттық мамандармен жасақтау бағдарламалары бойынша жұмыс барысымен танысты.
Сондай-ақ, инвесторлар Қарашығанақ өңдеу кешені және УКПГ-2 қондырғысы тәрізді кеніштегі жаңа нысандарды аралады.
Эни Групп басқармаларының төрағасы Витторио Минкатоның айтуынша, «халықаралық инвесторлар мен сарапшылар тобы Қарашығанақ кенішіне Атыраудағы Аджип КСО нысандарын аралағаннан кейін келіп отыр. Қашаған мен Қарашығанақтағы өлшеусіз мұнай қорын кең көлемді игеру барысымен және олардың жергілікті экономика мен әлеуметтік инфрақұрылымға әсерін халықаралық іскерлік қоғамдастыққа таныстыру мақсатымен осындай сапар ұйымдастыру жөніндегі бастаманы Эни Групп көтерді».
Эни Групп өкілдері мен КПО-ның бас директоры Паоло Кампелли сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, болашақ ынтымақтастық жолдары туралы пікір алмасты. Өз кезегінде В.Минкато ЭНИ корпорациясының Каспий аймағында, соның ішінде әлемдік мұнай өнеркәсібіндегі тың белеске саналып отырған Қазақстандағы кеніштерді игеруге атсалысуына айрықша маңыз беріп, болашақ даму жолдарына сипаттама жасады.