Халықаралық "Іздеу" шарасының барысында 27 қылмыскер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық "Іздеу" шарасының барысында 27 қылмыскер ұсталды

Халықаралық "Іздеу" шарасының барысында 27 қылмыскер ұсталды

ҚР ІІМ-нің бастамасымен қыркүйектің 10 мен 20 аралығында ТМД аумағында жүзеге асырылған халықаралық "Іздеу" шарасының барысында Астанада 27 қылмыскер ұсталды. Бұл туралы бүгін, 26-қыркүйекте өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ішкі істер департаменті қылмыстық полициясы басқармасы бастығының орынбасары Жанат Битенов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2005
  • 383
Фото - Caravan.kz

Ұсталғандардың арасында кісі өлтірген екі, тонаушылық жасаған үш, қарақшылық шабуылға қатысы бар бір қылмыскер бар.

Сонымен бірге Ж.Битеновтың айтуынша, шара барысында хабар-ошарсыз кеткен 17 адамның жүрген жері анықталып, 25 адамның мәйіті танылды.
Тәртіп сақшылары шара барысында 35 құрылыс ұйымдарын және жалға берілетін 57 пәтерді тексерді. Соның нәтижесінде 120 шетел азаматының 70-і заңсыз тұрып жатқаны анықталды. Олардың бәріне де әкімшілік жаза қолданылып, 19 адам Астана қалалық ішкі істер департаментінің қабылдағашына орналастырылды. 10 адам Қазақстан аумағынан шығарылды.
Шара барысында 25 ұрлық оқиғасының, соның ішінде 8 пәтер тонау оқиғасының беті ашылды. Автокөлік айдап кетуге байланысты 4 қылмыс әшкереленді.

Перейти к новостям спорта