Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы ЕХРО-2017 көрмесін өткізу мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы ЕХРО-2017 көрмесін өткізу мәселесін талқылады

Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы ЕХРО-2017 көрмесін өткізу мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Қазақстандағы ЕХРО жобаларының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев Парижде,

  • 13 Маусым 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде қазақстандық Үкіметтің атынан Бюроның бас хатшысы Висенте Лоссерталесуға 2017 жылы ЕХРО Халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу туралы өтінімді табыс етті. Бұл туралы Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Нұрлан Дәненовтың қатысуымен өткен бұл шара, Қазақстан Презденті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылы Испанияның Сарагоса қаласында ЕХРО көрмесіне қатысу кезінде жақын келешекте Астанада осындай көрме ұйымдастыру туралы айтқан бастамасының ресми жалғасы болып отыр.

Р.Жошыбаев біздің республикамыздың ЕХРО көрмесін Астанада лайықты деңгейде өткізу туралы ниетін қуаттады және осы бағыттағы дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.

Қазақстан тарапы атқарып жатқан шараларға қанағаттанарлық білдірген В.Лоссерталес, Астананың бірқатар басымдықтарына назар аударып өтті, көрме қозғалысының алғаш рет Орталық Азия аумағына таратудың маңыздылығына тоқталды.

ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағандай, Астанада өтуі ықтимал ЕХРО-2017 көрмесі Орталық Азия және ТМД елдерінде алғаш рет өткізілетін бірінші халықаралық көрме болуы мүмкін. 2017 жылғы көрме өтетін ел туралы Халықаралық көрмелер бюросының шешімі 2012 жылдың желтоқсан айында бюроға мүше 157 елдің дауыс беруімен анықталады. Астананы ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге дайындау жөніндегі ұйымдастыру комитетіне Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев жетекшілік етеді. Ал Жауапты мемлекеттік орган — Экономикалық даму және сауда министрлігі.

Соңғы жаңалықтар