Халықаралық лаңкестікпен күрес жөніндегі жалпылама конвенцияны тез арада қабылдау БҰҰ-ына мүше барлық елдердің мүддесіне сай келеді - Тәжин - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық лаңкестікпен күрес жөніндегі жалпылама конвенцияны тез арада қабылдау БҰҰ-ына мүше барлық елдердің мүддесіне сай келеді - Тәжин

Халықаралық лаңкестікпен күрес жөніндегі жалпылама конвенцияны тез арада қабылдау БҰҰ-ына мүше барлық елдердің мүддесіне сай келеді - Тәжин

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық лаңкестікпен күрес жөніндегі жалпылама конвенцияны тез арада қабылдау БҰҰ-ына мүше барлық елдердің мүддесіне сай келеді. Бұл туралы кеше Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР СІМ Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 958
Фото - Caravan.kz

«Лаңкестікпен күрес саласындағы халықаралық құқықтық базаны одан әрі жетілдіру мен халықаралық лаңкестікпен күрес жөніндегі жалпылама конвенцияны тез арада қабылдау БҰҰ-ына мүше барлық елдердің мүддесіне сай келеді деп санаймыз», — деді М.Тәжин.

«Халықаралық лаңкестікпен күрес ғаламдық проблемалардың санатында қалып отыр, оны шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық ынтымақ пен бекемдік танытуы керек. Осы саладағы барлық әмбебап конвенцияларға қол қойған Қазақстан өңірлік антитеррорлық құрылымдардың аясында белсенді жұмыстар атқаруда», — деді ол.

«Қару таратпау режимдері дағдарысқа ұшырап отырған қазіргі жағдайда ядролық қарудың лаңкестер қолына түсіп кетуі нақты қатерге айналды», -деді министр. Осыған байланысты ол Қазақстанның Ядролық лаңкестік әрекеттерімен күрес жөніндегі ғаламдық бастамаға белсенді қатысушы екенін, оның аясында ағымдағы жылы елімізде «Атом-антитеррор» атты оқу-жаттығулар мен ядролық материалдарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция өткізілгенін еске салды.

«Лаңкестікке қаржылық қолдау көрсетуші — есірткі саудасы, осы қатерге тек халықаралық қауымдастықтың үйлесімді әрі тиімді іс-әрекеттері арқылы ғаны қарсы тұруға болады», — деді СІМ.

«Ауғанстандағы ахуал әлі де үлкен алаңдаушылық тудырады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауымен осы елде жұмыс істеп жатқан халықаралық антитеррорлық коалицияға бірінші күннен бастап жан-жақты қолдау көрсетуде. Ондағы ахуалды тұрақтандырудың басты жолын біз Ауғанстанды бейбіт жолмен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін еселей түсуден көреміз. Осы мақсатта еліміздің үкіметі Ауғанстанға қолдау көрсету жөніндегі арнайы жоспар жасады», — деді ол.

Осы орайда М. Тәжин «БҰҰ-ның басқаруымен өткізілетін халықараолық бітімгершілік операциялар шиеленістердің алдын алу мен реттеудің, сондай-ақ, ғаламдық және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімті құралы болып қала беретінін» атап өтті. «Біз БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және ұйымның бітімгершілік әлеуетін нығайту үшін жасалып жатқан жұмыстарды толық қолдаймыз», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар