Халықаралық "Moodys" рейтинг агенттігі Қазақстан даму банкінің бағдарламасына "Ваа3" рейтингін берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық "Moodys" рейтинг агенттігі Қазақстан даму банкінің бағдарламасына "Ваа3" рейтингін берді

Халықаралық "Moodys" рейтинг агенттігі Қазақстан даму банкінің бағдарламасына "Ваа3" рейтингін берді

Халықаралық "Moodys" рейтинг агенттігі Қазақстан даму банкінің орта мерзімді бағалы қағаздар бағдарламасына тұрақты деген болжаммен "Ваа3" рейтингін тағайындады,- делінген агенттіктің хабарламасында.

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Банк капиталының 100 процент мемлекет меншігінде болуы қажетті жағдайда оған қолұшын беруді жоғары деңгейде кепілдендіреді»,- делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан даму банкінің облигацияларын шығару жөніндегі 2002-2005-жылдарға арналған EMTN бағдарламасының жалпы құны 400 млн. долларды құрайды. Бұл бағдарламаның бір мәрте облигация шығару шарасынан айырмашылығы , бағдарлама Қазақстан даму банкінің болашақта бағалы қағаздар шығаруға жұмсалатын шығындары мен мерзімін қысқартуға, сондай-ақ, нарықтағы баға өзгерісіне шұғыл жауап беріп, несие алу мөлшерін несиелік ресурстардың игерілу жағдайына қарай реттеп отыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар