Халықаралық олимпиада комитеті Пекинде өтетін Олимпиадада допинг бақылауын күшейтеді - халықаралық олимпиада комитетінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық олимпиада комитеті Пекинде өтетін Олимпиадада допинг  бақылауын күшейтеді - халықаралық олимпиада комитетінің басшысы

Халықаралық олимпиада комитеті Пекинде өтетін Олимпиадада допинг бақылауын күшейтеді - халықаралық олимпиада комитетінің басшысы

Баку. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық олимпиада комитеті Пекинде өтетін жазғы Олимпиадада допинг бақылауын күшейтетін болады. Бұл туралы бүгін халықаралық олимпиады комитетінің басшысы

  • 7 Ақпан 2008
  • 450
Фото - Caravan.kz

Жак Роге 6 ақпанда Бакуде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Пекин олимпиадасында бақылау допингі бұрынғыдан күшейтіліп, 4500 бақылау тесті даярланды. Бұл спортшылар арасындағы жарыстардың әділетті өтуін қамтамасыз етеді «, — деп түсіндірді Ж. Рогге.

ХОК басшысы атап өткеніндей, Пекинде өтетін олимпиада ойындарында Әзербайжан спортшыларының жақсы көрсеткіштерді көрсететініне сенімді. Оның сөздері бойынша, Әзербайжанға бірінші рет 1994 жылы келген уақыттан бері елде түрлі спорттық нысандар салынып, олимпиадалық қозғалыстарды дамыту жолында үлкен жұмыстар атқарылды.

Ал елде дамытылған спорттық инфрақұрылымдар, 2016 жылы жазғы Олимпиада ойындарын Әзербайжанда өткізу жөнінде ұсынысы басқа жеті қалалар арасындағы қызу күресте олардың үмітін арттырады.

«Алайда, Бакуге Олимпиаданы өткізу құқығы беріледі деу ерте. Әрине, үлкен жұмыс атқарылғаннан соң, лайықты үміткер таңдалады», — деді Ж. Рогге.

Ол хабарлағанындай, Бакуге сапары аясында ол Гейдар Алиев атындағы спорттық-концерттік кешенді аралап, «Мусадо» таэквондо орталығы мен хоккей кешеніне барып қайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті