Халықаралық олимпиада қатысушылары Алматыдағы этноауылды аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық олимпиада қатысушылары Алматыдағы этноауылды аралады

Халықаралық олимпиада қатысушылары Алматыдағы этноауылды аралады

Информатика пəнінен халықаралық олимпиада қатысушылары Алматыдағы "Ғұн" этноауылын аралады. Қонақтар табиғи демалыс орнына таңертең аттанды. 

  • 30 Шiлде 2015
  • 363
Фото - Caravan.kz


Шетелдік қонақтарды ұлттық киім киген жастар шашу шашып қарсы алды. Шара барысында ат құлағында ойнайтын қыз-жігіттер акробатикалық, гимнастикалық шеберліктерін паш етті. Шетелден келген қонақтар қазақтың ұлттық өнерін жоғары бағалады. Сондай-ақ оларға қазақтың ұлттық салт-дəстүрлері, тұсау кесу ғұрпы көрсетілді. Түс кезінде қазақтың ұлттық тағамдары — бауырсақ, ет, құрт, қымыз-шұбат ұсынылды. 
Даниядан келген Эллен Крогх ұлттық тағамдарды жоғары бағалады. 
"Тағам өте дəмді болды. Маған ұнады", — деді ол. 
Түскі астан соң олар "Қаражорға" биін үйренді. 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда информатика пəнінен халықаралық олимпиада өтіп жатыр. Оған əлемнің 83 елінен 630 делегат келді. Білім додасында 324 оқушы бақ сынап жатыр.

Соңғы жаңалықтар