Халықаралық қаржы корпорациясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі Баку-Тбилиси -Жейхан мұнай құбыры жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық қаржы корпорациясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі Баку-Тбилиси -Жейхан мұнай құбыры жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді

Халықаралық қаржы корпорациясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі Баку-Тбилиси -Жейхан мұнай құбыры жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді

2003-жылдың 26-тамызында Халықаралық қаржы корпорациясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің ұйымдастыруымен Баку-Тбилиси -Жейхан негізгі мұнай құбырының жобасы бойынша Түркияның Эрзурум қаласында алғашқы қоғамдық тыңдау өткізілгелі отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Медиа-Пресс хабарламасынан мәлім болды.

  • 29 Шiлде 2003
  • 1338
Фото - Caravan.kz

Халықаралық қаржы корпорациясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкі барлығы осындай 6 тыңдау ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Олардың екеуі Түркияда, атап айтсақ, 26-тамызда Эрзурумда, 28-тамызда Аданда, екеуі 1 және

4-қыркүйекте Әзербайжандағы Гянджа және Баку қалаларында, 8 және 11-қыркүйекте Грузияның Боржоми және Тбилиси қалаларында өтеді деп межеленген. Талқылау қорытындысы бойынша 120 күннен кейін аталмыш халықаралық қаржы институттары олардың әрқайсысына Баку-Тбилиси -Жейхан мұнай құбырын салуға арнап 150 млн. доллардан несие бөлу, сондай-ақ, тағы 100 мың долларды Азери-Чираг-Гюнешли кенішін игерудің Фаза-1 сатысын қаржыландыруға арнау туралы шешім қабылдайды.
ВТС Со. (Baku-Tbilisi-Ceyhan) құбыр жүйесі консорциумы Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы бойынша қажетті барлық құжаттарды, атап айтсақ, жобаның қоршаған ортаға әсері мен құбыр құрылысының әлеуметтік әсері туралы құжаттарды Халықаралық қаржы корпорациясы мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарауына ұсынды. Онда құбыр жүйесін тарту және оны пайдалану барысында оның әлеуметтік орта мен қоршаған табиғи ортаға әсерін мейлінше азайту жолдары қарастырылған. Құжаттың жалпы көлемі 11 мың парақты құрап, қаржылық институттар тарихында бұрын-соңды тапсырылып көрмеген көлемді құжатқа айналды.
Халықаралық құбыр консорциумына несие бөлу туралы шешім қабылданғанға дейін 700-800 млн. доллар қажет. Әзербайжаннның мемлекеттік мұнай компаниясының үлесі 200 млн. долларды құрайды. Осыған байланысты қазір ГНКАР-дың үлесін консорциумның басқа мүшелері тарапынан қаржыландыру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Тараптарды бірдей қанағаттандыратын бірнеше үлгі қаралуда. Ақырғы шешім осы аптаның ішінде қабылдануы тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың маусымындағы жағдаймен консорциумға мүше мемлекеттердің Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға арнаған қаржысының 30 проценті жұмсалып үлгерген. Жобаға қатысушылардың барлығы да оны жүзеге асыруға ішкі қаржысын жұмсап отыр.

Соңғы жаңалықтар