Халықаралық қаржылық құрылымдардың қолдауына ие болған Баку-Тбилиси-Жейхан жобасына Қазақстан қызығушылық танытпай тұра алмайды - Әзербайжандағы Қазақстан елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық қаржылық құрылымдардың қолдауына ие болған Баку-Тбилиси-Жейхан жобасына Қазақстан қызығушылық танытпай тұра алмайды - Әзербайжандағы Қазақстан елшісі

Халықаралық қаржылық құрылымдардың қолдауына ие болған Баку-Тбилиси-Жейхан жобасына Қазақстан қызығушылық танытпай тұра алмайды - Әзербайжандағы Қазақстан елшісі

Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы экспорттық мұнай құбырын салуға несие беру жөніндегі қаржылық құжаттарға 3-ақпанда Баку қаласында қол қою аталмыш жобаны жүзеге асыруда кезекті сатының басталғанын айғақтап қана қоймай, оның тиімділігі мен қуатын да дәлелдейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшісі Андар Шоқпытов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Ақпан 2004
  • 559
Фото - Caravan.kz

А.Шоқпытовтың айтуынша, Әзербайжан сияқты Қазақстан да көмірсутегі шикізатының бай қорына ие. Қазіргі жағдаймен Қазақстанның дәлелденген мұнай қоры 4 млрд. тоннаны, ал көгілдір отын қоры 2 трлн. текше метрді құрайды. Республикадағы мұнай өндіру көлемі жылдан-жылға артып келеді. Егер 2002-жылы Қазақстанда 47 млн. тонна мұнай өндірілсе, 2003-жылы бұл көрсеткіш 50 млн. тоннадан асты.

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшісінің айтуынша, Қазақстанның мұнайгаз секторындағы негізгі стратегиялық мақсаттары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламада айқындалған. Бағдарламаны жүзеге асыру еліміздегі мұнай өндіру көлемін 2010-жылы 100 млн. тоннаға, ал 2015-жылы 150 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұнай мен газды дүниежүзілік рыноктарға тасымалдауға бағытталған экспорттық қуатты арттыру басым маңызға ие болмақ. «Сол себепті Халықаралық қаржылық ұйымдар мен беделді банктердің қолдауына ие болған Баку-Тбилиси-Жейхан секілді ірі жобаға көмірсутегі шикізатын көп бағытта және көп үлгілі тасымалдау саясатын ұстанып отырған Қазақстан қызығушылық танытпай тұра алмайды»,- деді А.Шоқпытов.
Елші осы орайда Әзербайжан, Түркия және Грузиямен бірдей Қазақстан да Баку-Тбилиси-Жейхан жобасын қолдау жөніндегі Стамбұл декларациясына сонау 1999-жылдың қараша айында қол қойғанын еске салды. Сондай-ақ, А.Шоқпытовтың айтуынша, мұнайды Баку-Тбилиси-Жейхан жүйесімен транзитті тасымалдау аясындағы өзара ынтымақтастық бағытынан еліміздің ауытқымайтынын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда тағы бір дәлелдеген.
Елшінің айтуынша, қазір аталмыш жобаның акционерлері арасында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеруші компаниялар да бар. Сондай-ақ, аталмыш жоба аясындағы ынтымақтастық перспективасы келіссөздер барысында да көрініс тауып отыр , деді А.Шоқпытов. Келіссөздердің мақсаты — қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесі арқылы тасымалдауға құқықтық кеңістік пен техникалық жағдайлар жасау болып табылады.»Бұл бағыттағы келіссөздер кешікпей табысты аяқталады дегенге сеніміміз зор»,- деді елші.
Болжамдық бағалауға сәйкес, экспорттық мұнай құбырымен тасымалданатын Қазақстан мұнайының бастапқы көлемі 7,5 млн. тонна екеніне қарамастан, Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың (ENI, ConocoPhilipps, INPEKS, Total) ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясындағы 15 проценттік үлесін ескергенде, Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр жүйесі арқылы жылына 20 млн. тонна мұнай тасымалдай алады.

Соңғы жаңалықтар