Халықаралық Қазақ-түрік Университетінде жаңа ректор тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық Қазақ-түрік Университетінде жаңа ректор тағайындалды

Халықаралық Қазақ-түрік Университетінде жаңа ректор тағайындалды

Халықаралық Қазақ-түрік Университетінде жаңа ректор тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, халықаралық университеттің ректоры болып бұған дейін Алматыдағы қыздар педагогикалық институтын басқарған , педагогика ғылымдарының докторы Серік Піралиев тағайындалды.

  • 23 Маусым 2003
  • 968
Фото - Caravan.kz

Жаңа басшыны ұжымға таныстырған ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев еліміздегі Жоғары білім ошақтарында қалыптасқан озық дәстүрлерді жаңа басшылық одан әрі дамыта түседі дегенге сенім білдірді.

Бұған дейін Халықаралық Қазақ-түрік Университетін Оразалы Сәбденов басқарған болатын. Қазір оның қандай қызметке тағайындалғаны беймәлім.
Халықаралық Қазақ-түрік Университеті Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім бойынша 90-шы жылдардың басында Түркістанда құрылған болатын. Бұрынғы Шымкент педагогика институты аталмыш Университеттің филиалына айналды. Сонымен бірге, Халықаралық Қазақ-түрік Университеті Шымкенттегі клиникалардың бірін өз иелігіне алған. Университет пен аурухананы негізінен Түркия жағы қаржыландырады. Университеттің өзі мен Шымкенттік филиалында барлығы 17 мың студент оқиды.

Соңғы жаңалықтар