Халықаралық қазіргі заманғы саясат институтының төрайымы Д.Назарбаева білім беру саласын жаңалау ісінде асығыстыққа бармауды қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық қазіргі заманғы саясат институтының төрайымы Д.Назарбаева білім беру саласын жаңалау ісінде асығыстыққа  бармауды қолдайды

Халықаралық қазіргі заманғы саясат институтының төрайымы Д.Назарбаева білім беру саласын жаңалау ісінде асығыстыққа бармауды қолдайды

Ақтауда Халықаралық қазіргі заманғы саясат институтының ұйымдастыруымен "Ұлттық білім беру үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Форум жұмысына Маңғыстау облысының жоғары оқу орындары, мектептер мен мектепке дейінгі тәрбиелік мекемелердің өкілдері қатысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Ақпан 2004
  • 774
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шарада баяндама жасаған Халықаралық қазіргі заманғы саясат институтының бақылаушылар кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева «асығыстық жасап кеңестік білім беру жүйесінде болған артықшылықтардан бас тартуға болмайды» деп атап көрсетті. Оның пікірінше, «қазір білім беру сапасына жете көңіл бөлу, кеңестік білім беру жүйесінде болған сапалы тұстарды сақтай отырып, жоғары білім беру саласын сапалық жоғары деңгейге көтеру» қажет.

«Сапалы білімсіз экономика саласында ұлығаусар өзгерістер жасаймыз деп ауыз толтыра айту -аңғалдыққа жатар еді»,- деді Д.Назарбаева. Оның атап көрсетуінше, «ақылды, білімді, зиялы және интеллектуалдық тұрыда бай адамдар ғана Қазақстанның бай потенциалын дұрыс әжетке жарата алады».
Еліміздегі ғылым саласының дамуына тоқталған Д.Назарбаеваның айтуынша, «ғылыми қызметкерлер, ғылыми еңбектер мен ғылымның тікелей өзіне нақты бір мәртебе беру үшін білім — ғылым — мемлекеттік билік деген тізбекті дұрыс қалыптастыру қажет». Халықаралық қазіргі заманғы саясат институтының бақылау кеңесі төрайымының пікірінше, бұл схема ғылыммен шұғылдануды одан әрі жалғастырған жоғары оқу орны түлектеріне қазіргі мемлекеттік проблемаларды талдау ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Бұдан әрі ғалымдар өз идеялары мен жаңалықтарын парламентте немесе мемлекеттік деңгейде таныстырып, қорғай алады. Соның нәтижесінде ғылым саласы білім беру мен мемлекеттің қай-қайсысымен де байланысын үзбейді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанда білім беру саласын 2015-жылға дейін дамыту тұжырымдамасының үкіметтік жобасына баса назар аударды. Д.Назарбаеваның пайымдауынша, бұл құжат басқа да ауқымды міндеттерді, атап айтсақ, Қазақстанның инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен тікелей сабақтас. «Білім беру саласын жаңалау барша әлеуметтік топтарды қамтитын болады»,- деді ол.
Д.Назарбаева білім беру саласын жаңалауда асығыстыққа бармау дұрыс деп санайды.
Оның пікірінше, қоғамымыз жаңартулардың болашағы мен тетіктері туралы қазір нақты ештеңеден хабардар болмай отыр. Білім беру саласы өзгерту нәтижелері 10-15 жылда ғана нақты сезілетін өзгеше сала. Қазіргі қадамдардың нақты нәтижесін обьективті бағалайтын мүмкіндік сол кезде ғана туындамақ.
Тұжырымдама жобасына тоқталған дөңгелек үстелге қатысушылар білім берудің мән-мазмұны және білім беру мекемелерінің материалдық базасын дамыту мәселелеріне баса назар аударды. Атап айтсақ, Ақтау мектептерінің директорлары дәл қазіргі таңда мектептер мен білім беру мекемелері 12 жылдық білім беру жүйесіне дайын емес деп атап көрсетті. Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру саласын дамыту тұжырымдамасына арқау болған дұрыс идеялар жүзеге аспай сол баяғы әдемі идея қалпында қалмаса игі деген алаңдаушылық танытты.
Кездесу соңында Халықаралық қазіргі заманғы саясат институтының бақылау кеңесінің төрайымы Д.Назарбаева өзі басқаратын институт осындай форумдарды еліміздің басқа аймақтарында да өткізбекші деп хабарлады.

Соңғы жаңалықтар