Халықаралық құқық қорғау ұйымдары ҚР билігін құқық қорғаушы Жовтисті мерзімінен бұрын босатуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары ҚР билігін құқық қорғаушы Жовтисті мерзімінен бұрын босатуға шақырды

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары ҚР билігін құқық қорғаушы Жовтисті мерзімінен бұрын босатуға шақырды

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін құқық қорғаушы Евгений Жовтисті мерзімінен бұрын босатуға шақырды.

  • 15 Шiлде 2011
  • 900
Фото - Caravan.kz

«19 шілдеде Е. Жовтис жазасын өтеп жүрген мекен-колонияның әкімшілігі оны шартты түрде-мерзімінен босату туралы мәселені қарайды. Біз комиссия бұл мәселені әділ әрі мұқият қарап, оны босату үшін берілген мүмкіндікті толығымен пайдаланады деп үміттенеміз», — делінген Freedom House үйінің Қазақстандағы өкілдігінің жұма күні таратқан хабарламасында.

«Біз колонияның әкімшілігі мен Қазақстан басшылығын құқық қорғаушыны шартты түрде-мерзімінен бұрын босату туралы мәселенің барынша объективті қаралатынына кепілдік беріп, ақыр соңында Е. Жовтисті босатуға шақырамыз», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, хабарламада адам құқықтары жөніндегі жергілікті тәуелсіз және халықаралық бақылаушылар да Е. Жовтистің үстінен сот амалына қатысты алаңдаушылық білдіргені айтылған. Олар құқық қорғаушыға қарсы сот амалы барысында жол берілген көптеген процедуралық бұзушылықтарды атаған болатын.

«Бұлфактілер көбініңЕ. Жовтиске шығарылған үкімнің саяси астары бар деп болжам жасауына себеп болды… Алайда, оның қазақстандық қоғам үшін ешқандай қауіп тудырмайтыны анық; керісінше, оның қызметі өз отандастарының құқықтарын қорғау мен насихаттауға бағытталған. Е. Жовтис босап шыққан соң адам құқықтарын дамытуға үлес қосып, осылайша, Қазақстан азаматтары үшін жақсы болашақ қамтамасыз ететініне сенімдіміз», — делінген мәлімдемеде.

Бұрын хабарланғандай, 2009 жылдың 3 тамызында Балқаш аудандық сотының үкімімен Е. Жовтис кісі өліміне әкелген жол-көлік апатын жасағаны үшін айыпты деп танылып, жазасын мекен-колонияда өтеумен 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Е. Жовтис басқарған Toyota Ranner көлігінің қатысуымен жол апаты 26 шілдеде сағат 22:30-да Қараой-Алматы автожолының 131 шақырымында Алматы облысы Ақдала ауылының қасында болған. Оқиға орнында Алматы облысының тұрғыны, 35 жастағы жаяу жүргінші қаза болды.

Соңғы жаңалықтар