Бұл — әншінің тұңғыш жеке кеші. Жиырма жылдан бері Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда еңбек етіп келе жатқан Майра — «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің де белді мүшесі. Әншілігімен қоса Айдана Аманғалиева, Мәншүк Төлешева, Қаламсқас Ыдырысқалиева, Антонина Казанина сынды шәкірттер тәрбиелеген М.Хайдарова қызы Айыммен де қосылып, ән шырқады. Халық әндерін, қазақ композиторларының туындыларын орындайтын өнерпаз кеші Жайық жұртшылығына жақсы әсер қалдырды.